Қытай билігі фабрикаларда ұйғырлардың еңбегін пайдаланады

3024
Adyrna.kz Telegram

Қытай билігі "кәсіпке үйрету орталығы" деп аталған орындарда күшпен қамалып отырған жүздеген мұсылманды белгілі брендтердің өнімдерін фабрикаларда өндіру үшін мәжбүрлеп жұмыс істетіп келеді. Бұл туралы Австралиядағы стратегиялық саясат институтының (ASPI) баяндамасында жазылған, деп хабарлайды centralasian.org.

Авторлор қытай үкіметінің құжаттарына және басылымдардағы ақпараттарға сүйене отырып, Шынжаң-Ұйғыр автоном ауданының билігі лагердегі адамдарды цехтарда істеуге мәжбүрлеп жатқанын жазған. Олардың сөзінше, жалпы 80 мыңнан астам ұйғыр кемінде 9 фабрикада істейді.

Аталған фабрикалар Apple, BMW, Nike, Samsung, Sony, Volkswagen және өзге де танымал брендердің құрал-жабдықтарын шығарады. Reuters агенттігі қазір бітқатар компаниялардың бұл ақпаратты тексеріп жатқанын жазды.

Дүйсенбі күні Қытайдың сыртқы істер министрлігі баяндамадағы мәліметтерді теріске шығарып, авторлардың мақсаты — Бейжің тарабынан жасалынып жатқан "антитеррористік шараларды" жаманатты ету деп мәлімдеді.

Қытай билігі Шыңжаң аймағындағы ислам дінін ұстанатын аз ұлт өкілдері ұсталып отырған жайларды кәсіп үйрету орталығы деп атап келеді.

Пікірлер