Абылайхан Жүсіпов Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

4532
Adyrna.kz Telegram

Амманда өтіп жатқан Токио Олимпиадасына Азия және Мұхит жағалаулары елдері арасындағы іріктеу турнирі шешуші кезеңіне жақындады. Бүгін ширек финалдық жекпе-жектер басталды. 69 келі салмақ бойынша Абылайхан Жүсіпов Таиланд боксшысы Вуттичай Масукпен кездесіп, жеңіске жетті деп хабарлайды adyrna.kz.

Алаң төріне көтеріле сала сәтті шабуылдар бастаған Абылайхан өзінің тәжірибелі, мықты боксшы екенін дәлелдеді. Ширақ қимылдары мен техникалық шеберлігін сәтті көрсеете білді. Төрешілер шешімі бойынша есеп – 5:0 (30:27, 29:28, 30:27, 30:27, 29:28).

Сөйтіп, абылайхан Қазақстан Ұлттық құрамасы бойынша Токио Олимпиадасының лицензиясына бірінші болып қол жеткізді.

 

Ұларбек Дәлейұлы,

"Адырна"ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер