Білімге жалынған жұрт орман бағын қалай қориды?

4277
Adyrna.kz Telegram

Қоңыздың, шыбынның, көбелектің баласы – жұлдыз құрт шөптің бетіне, алманың, лимонның, өріктің гүліне түсіп, жапырағын жеп, бақты, орманды гүлдетпей, жылғы өсімінен қалдырады. Шегіртке түскен, егінді, орманды жоқ қылып жібереді. Шыбын, көбелек, қоңыздың балаларының бір жылда Солтүстік Америкаға келтіріп тұрған шығыны мынадай:

Шөпке    160 миллион сомдық,

Бидайға  400  миллион сомдық,

Мақтаға  112 миллион сомдық,

Темекіге  10 миллион 600 мың сомдық,

Баққа        54 миллион сомдық,

Қантқа     10 миллион сомдық,

Халық ағашына  2 миллион сомдық,

Әртүрлі шөпке  11 миллион 600 мың сомдық,

Етке, майға, теріге   450 миллион сомдық,

Қазына ағашына     200 миллион сомдық (шығын)

Жоғарыда жазылған шаруаның бір жылғы кірісі 11 миллиард 106 миллион болды, осының жүзден онынан бастап жартысына дейін қоңыз, көбелек, шегіртке, шыбын жеген шығын болады.

Жерге симайтын осы шығыннан Америка қалай құтылып отыр? Америкаға бір лимон баққан адам өзге жерден бір жақсы тұқым лимон ағашын ала келген. Осы ағаштың жапырағында, гүлінде, дәнінде бір өзін жайлайтын, осы ағаштың жатып ішері – бит ере келіп, Калифорниядағы лимон ағашына жұт бола кеткен. Бұрын жылына 80 мың арба лимон сататын аймақ 6-ақ жүз арба сататын болып қалған, жүзден 7-ақ қалған. Бұл жұттан қалай құтылуды іздеген.

Осы сынды алма ағашына және лимон ағашына зиянкестік келтіретін жәндіктерден құтылған көптеген мысалдарды дәлелге келтіріп, өзіміздің Түркістанда да бақ бар, онда да өрік, мейіз, алманы жеп жұтатын жауы бар. Америка әдісін қылып онан қорғанған адам жоқ. Бұл бізде білім жоқтығы дей келіп, өзімізде де осындай шараларды жасауға мүмкіндік барын айтып, сынға алады. (Қыр баласы.«Ақ жол» газеті, №499, 02.11.1924 жыл. Ташкент).


Ардақ БЕРКІМБАЙ

Пікірлер