Көне түркі ғұрыптық кешені зерттелуде

2199
Adyrna.kz Telegram

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) бастамасымен Моңғолиядағы көне түркілердің «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде басталған археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда.

Бұл – Моңғолия Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Тарих және археология институтымен бірлесіп жүзеге асқан жоба.

Шілде айының басында TWESCO басшы­лы­ғындағы жоба аясында белгілі моңғол археологы Д.Цэвэндорж бен қазақ­стандық түркітанушы-ғалым Н.Бәзіл­­хан­ның жетек­шілігімен басталған қаз­ба жұ­­мыс­тары бүгінде Шивээт улаанның негізгі алаңында жү­ріп жатыр. Мәңгітас тұрған тұ­ғырдың орны мен кешеннің екі боса­ғасының алаңы да қазылды. Археологтардың жұмысы нәти­жесіз емес. Атап айтқанда, көне түркілердің мүсін­дері табылды. Бұдан бөлек, үйінді тастардан ар­шылып, кешеннің құрылымы, іргетасы, іргетасының пішіні мен көлемі анықталып отыр.

Осы және өзге де жаңа­лық­тар Академияның ұйым­дастыруымен 24 тамыз күні «Шивээт улаан» ғұрыптық кеше­нінде өтетін «Ұлы Дала көшпелілері: тарихи-мә­дени үндестіктер» атты ІІ түркі-моңғол археологтарының дала семинарында кеңірек таныстырылатын болады. Бұл дала семинары Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Түркия ғалымдары мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен 2016 жылғы 20-27 тамызда өте­тін «Тәңіртаудан Өтүкенге дейін: Ұлы Дала көшпенділерінің та­рихи-мәдени  қазыналары» атты халықаралық экспедиция аясында ұйымдастырылады.

 

 

Пікірлер