Дикий Арман. Қылмыс әлеміндегі "Түркі қағанаты"

2024

Соңғы кезде әлеуметтік желілерде  қылмыс әлемінде "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиев туралы ақпараттар көптеп пайда бола бастады. Мықтылардың тізесі батқандар Арман арқылы мәселесін шешпекші болып, әлемжелдіе көптеген жазбалар қалдыруда. Соынмен Арман Жұмагелдиев кім? Біз осы сұраққа жауап іздеп, "Ratel.kz" -те жарияланған мақаланы ықшамдап аударып, оқырманға ұсынып отырмыз.

Түркі тегінен шыққан «заңды ұрылар» көлеңкелі әлемдегі жағдайды өз бақылауына алуға бел буды
2019 жылы тамыз айының соңында қылмыстық әлемде тарихи масштабтағы деп атауға тұрарлық оқиға орын алды. Түркиядағы қылмыстық орта беделділерінің жиналысында Арман ЖҰМАГЕЛДИЕВ (лақап аты – Арман Дикий) заңдағы ұры жолын қуалаған Гурам ЧИХЛАДЗЕні (Квежович) ұрып-соққан. Квежович, сонымен бірге, оқиға орынан асығыс кетіп қалған көрінеді, ал бұл оның беделіне нұқсан келтіргені сөзсіз.
Ұрлық кодексіне қарамастан
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Стамбұлдағы кездесуді қазіргі кезде Арман Дикий-ге қамқорлық көрсетіп жүрген белгілі заңды ұры Надир САЛИФОВ (Лоту Гули) ұйымдастырған.
Болып жатқан жайттардың себебіне байланысты бірнеше нұсқалар бар – түріктік шовинизмнен бастап Ресей ФСБ-ның айла-амалдарына дейінгі мүмкіндіктер қарастырылады, бірақ олардың бәрі бір логикалық тізбекке сай келеді: түркі тегінен шыққан қылмыстық ортаның беделділері барлық криминалдарға өз қарсылықтарын көрсетіп қана қоймай, көлеңкелі әлемдегі жағдайды өз бақылауларына алуды да көздеп отыр.
Грузин Квежович түрік өкіліне тіл тигізді – бұл осы қақтығыстың «ресми» нұсқасы.
Криминалдық тұжырымдамаларға сәйкес, Арман – «фраер» (бөтен адам), ол тәждің иесі емес және заңдағы ұры деген ресми атағы жоқ, демек ұрылар кодексінде көрсетілгендей, ол өлім жазасымен жазалануы керек.
Алайда, заңды ұры Гули мұндай нәтижеге жол бермеймін деп уәде бергендей болды.

Мен – ұры емеспін, батырмын
Арман Жұмагелдиев, қылмыстық ортаның беделдісі, Шымкенттің тумасы, жастайынан бокспен айналысқан және «қазақтарда ұры жоқ, қазақтарда батырлар ғана бар» деген ұранмен ешқашан өз тарапына қатысты «заңдағы ұры» деген атаумен келіскен емес.
Оның спорттық жетістіктері қатарында 16 медаль бар, оның 10-ы – алтын.
Арманды 2008 жылы «Время» газетінде елдің криминалдық полиция комитеті төрағасының сол кездегі орынбасары, полковник Бекет Аймағамбетов былай сипаттаған болатын: «Арман ұрылар заңдарын мойындамайды және өз ережесімен өмір сүреді. Тайсалмайтын тәуекелшіл жігіт. Адамды себепсіз соққыға жыға алуы, қоғамдық орында көпшілік төбелес шығаруы, тіпті бәсекелестерімен атыс бастап жіберуі де мүмкін. Шамасы, осы себептермен оны Жабайы (Дикий) Арман деп атап кеткен. Жұмагелдиевтің тағы бір лақап аты – Қолға түспейтін (Неуловимый)».
Арман туралы жиі жаңалықтар тізбегінде ақпараттар шығып тұрды, көбінесе бұл атыс пен басқа да қылмыстық сұрыптау көріністері болатын, алайда Дикийдің Шымкенттегі оппозициялық митингті таратқандығы туралы фактілер бар. «Время» газеті бұл оқиғаны «Дикийдің беті қайтты» («Укрощение дикого») мақаласында атап өтті:
«Криминалдық танымалдылыққа Арман шымкенттік «Турист» қонақ үйіне шабуыл жасаудан кейін ие болды. Онда 2005 жылы көктемде «Әділетті Қазақстан үшін» оппозициялық қозғалысының конференциясы өткен болатын, жиналыстың ортасында Джумагелдиев бастаған топ қонақ үйдің фойесіне баса көктеп кіріп келген. Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушылар ақсақалдарды үстелдердің астына айдап кіргізіп, біріккен оппозиция жетекшілерін соққылауға тырысқан, бірақ олардың оққағарлары жағдай өз қолдарына алған: тек бір оппозиция жетекшісі Жармахан ТҰЯҚБАЙдың оққағары ғана айқаста ауыр жарақат алды. Ал Арман қолға түсіп, тәртіп сақшыларына тапсырылды.
5 мамырда ОҚО ІІД тергеушілері бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, бірнеше күннен кейін Арман қамауға алынды.
2005 жылы жаз айының басында Шымкент қалалық сотында судья Шара Бисембиеваның төрағалығымен сот отырысы басталды. Сот отырысында Арманның анасы Роза ЖУМАГЕЛДИЕВА баласының жастайынан бокспен шұғылдана бастағанын айтты. Рингте бақталасын жеңуге деген құлшынысы үшін баласын «Дикий» (жабайы) деп атап кеткендерін айтты. Алайда, сот барысында оның өмірінің спорттан алшақ басқа қыры да белгілі болды. 2003 жылдың желтоқсанында ол өзінің он құрдасымен бірге екі жігітке шабуыл жасаған, нәтижесінде олардың бірі асқазан тұсын оқ  тесіп өткендіктен, ауруханаға түсті. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды, бірақ ол қандай да бір себептермен сотқа жете алмады. Ал Арман қашып кетті. Содан бері оның тағы бір «аты» бар – Неуловимый...
Содан кейін, 2005 жылы Джумагелдиевке Шымкент қалалық сотында шартты мерзім үкімі шығарылды».
Айта кету керек, Жұмагелдиев жастардың белгілі бір бөлігі арасында, әсіресе елдің оңтүстік аймақтарында танымал. Арман Дикийдің айналасында болып жатқан оқиғалар туралы қылмыстық оқиғалардан хабары мол жастар жақсы біледі.
Біздің ақпаратымыз бойынша, Жұмагелдиев Түркияда тұрады және бизнесті «жабумен» айналысады.
001 KZ нөмірімен Toyota Land Cruiser көлігін айдайды.
Әлеуметтік желілердің көмегі
Арман Жұмагелдиев, танымал адамдар сияқты, инстаграмда аккаунтын ашты, егер қыркүйекте оның қылмыстық орта беделділерімен өткен кездесулердегі фотолары 24 сағат ішінде ғана көпшілікке қолжетімді болып, содан кейін жойылған болса, енді мұндай кездесулер туралы ақпарат пен оның жеке өміріндегі кейбір сәттер барлық уақытта да қолжетімді.
Арман Жұмагелдиев посткеңестік кеңістіктегі ғана емес, сонымен қатар бірқатар басқа елдердегі қылмыстық беделділермен үнемі кездесулер өткізіп тұрады. Осылайша, өзінің айтуына қарағанда, қазан айында Арманның парақшасында «60 000 жауынгері» бар түрік бандитімен кездесуі туралы жарияланды.
Сондай-ақ, Youtube видео хостингінде Арман Жұмагелдиев туралы ақпараттық бейнелер пайда бола бастады. Көбіне бұл жай ғана фотосуреттер, Дикий туралы оқиғаны баяндайтын дауыстық баяндамалар.
Арманның осындай таныстарының арасында Түркияның белгілі азаматы Седат Пекердің де суреттері бар.
Пекердің түрік шеруі
Сонымен қатар, Седат Пекер – Түркиядағы беделді адам және белгілі қоғам қайраткері, саясаткер. Бірақ бұл ресми мәртебе. Ресми емес – бұл елдің ең беделді қылмыстық жетекшісі, Түркияның «бақылаушысы».
Седат өте қиын жолмен өтті, бірнеше рет сотталды, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрғаны үшін де түрмеге қамалған, ол топ азиялық әлемнің қылмыстық топтары арасында танымал.
Ресейлік MZK порталы Седат Пекердің өмірбаянындағы негізгі сәттерді былай сипаттайды:
«Пекер рэкетирлік, кісі өлтіруге итермелегені үшін айыпталған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Пекер өз бәсекелестерінің бірін өлтіруді бұйырған болуы мүмкін. Бірақ бұл ақпарат Седат Пекердің қызметін жаңа құлшыныспен тергеуді бастаған қауіпсіздік қызметтеріне таратылды. Оған тіпті іздеу де салынды, алайда Еуропадағы таныстық байланыстары құқық қорғау органдарынан жасырынуға көмектесті.
Оның байланыстарының, билігінің арқасында, ол Түркияға жасырын сапармен барып, министрмен және «Родина» партиясының парламенттік мүшесімен кездескен. Оның қандай да бір қызметінің ақысы ретінде Пекерге тағылған айыптар үшін қысқа мерзімге түрмеге қамау жазасына уәде берілді. Нәтижесінде, 1998 жылдың қыркүйегінде Седат Пекер билікке ерікті түрде мойынсұнып, өзіне тағылған қылмыстар үшін кінәсін мойындады және 12 адамнан тұратын қылмыстық ұйым құруға кінәлі деп танылды.
Прокуратура Пекерді 7,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда оның билікпен келісімі басым болып, қылмыстық ортаның авторитеті сегіз ай 29 күн түрмеге жабылды. 1999 жылдың 24 мамырында Седат Пекер өз империясын басқару үшін босатылып шықты. Кейінгі бірнеше жыл ішінде ол өзінің билігін күшейткені соншалық, түрік қылмыстық топтарының барлығы онымен санасатын дәрежеге жетті. Тіпті Түркияға сырттан келген заң бұзушылар кейбір мәселелерді мақұлдау үшін жергілікті мафияның бастығының жеке қабылдауында болуға тырысады».
Седат Пекер Захари Калашовтың (Шакро Молодой) қолшоқпары, беделді заңды ұрлықшы Бадри Когуашвилидің (Бадри Кутаисский) досы болып табылады. Гули мен Квежович арасындағы қақтығысқа Бадри Кутаисидің қатысы болған деген сыбыс бар, Седат Пекер бұл жағдайға жалпы араласудан бас тартты, алайда ол Арман Дикийге толық қолдау көрсетті.
Бұған қоса, Седат Азиялық әлемдегі барлық қылмыстық авторитеттерге Арман Жұмагелдиевтің жағына бірігуге ресми түрде шақырды.

Пікірлер
Редакция таңдауы