Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды

1849
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин күшіне енді.

Бұл шешімді мемлекеттік комиссия қабылдады. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды.

Үкімет Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы карантиндік шектеулер кімге қойылмайтындығын түсіндірді

Қала маңында тұратын және Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс істейтін тұрғындар қалаға карантин кезінде келе алады.

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына кім кіре алатындығын ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі түсіндірді.

19 наурыз сағат 00.00-ден бастап енгізілген Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағында адамдардың кіріп-шығуына қатысты шектеу адамдардың жекелеген санаттары үшін ерекшеліктерді қарастырады.

Олар мыналарды қамтиды:

  • бұның алдында қаладан кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары қалаға оралған кезде;
  • қалаға бұрын келген басқа қалалардың тұрғындары қаладан шыққан кезде;
  • бұның алдында шетелге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (Қазақстан Республикасына оралғанда);
  • осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктер елден кету үшін және одан әрі әуе кемесімен қайту мақсатында;
  • шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар), Қазақстан Республикасының аумағында тұруға рұқсатнама иелері;
  • осыған дейін шет мемлекеттің аумағына кеткен ҚР азаматтары Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін;
  • шетелге емделуге кеткін ҚР азаматтары денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен жағдайда;
  • елдің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға іс-сапармен келген шет мемлекеттер делегациялары мен халықаралық ұйымдардың мүшелері;
  • поездар мен локомотив бригадаларының мүшелері, сондай-ақ теміржол көлігімен тасымалдау процесстеріне қатысатын адамдар, әуе кемелері, кеме экипаждары, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүк көлігі жүргізушілері;
  • ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер (отбасылық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы, олардың ата-аналары және балалары);
  • Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының маңында тұратын әрі қалада жұмыс істейтін тұрғындар;
  • әуе және теміржол транзитімен жүрген ҚР азаматтары;
  • Covid-19-ға қарсы іс-қимыл жөнінде қалалық штаб жеке қарастыратын басқа ерекше жағдайлар;

19 наурыздан бастап, Нұр Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирустың таралуына байланысты карантин жарияланады. Атқарылатын негізгі іс-шаралардың бірі – адамдардың қозғалысын шектеу.

Пікірлер