Шымкент әкімі базарларды ескертусыз тексерді

2965
Adyrna.kz Telegram

Азық-түліктің бағасы не себепті бірден қымбаттап кетті? Тауардың жетіспеушілігі ме, әлде елді дүрліктірген індет кезіндегі саудагерлердің қалтасының қамын ойлағандығы ма?

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар басқарма басшыларымен және «Nur Otan» партиясының мүшелерімен бірге «Жібек жолы» көтерме базарына барып, азық-түліктің бағасын тексерді.

Сауда қатарындағы бағалармен танысуға ескертусіз барған қала әкімі азық-түліктің нарқын асыра сатып жатқан саудагерлермен бетпе-бет жүздесті.

Олардың айтуынша, өзге облыстардан келетін картоп, сәбіз, пияз сынды күнделікті тұтынуға қажетті көкөніс бағасы шарықтап тұр.

Қазіргі қысылтаяң кезде мына тұрған көкөністердің көтерме бағасын естісеңіз жағаңызды ұстайсыз.

Тарқатып айтар болсақ, картоптың  бір келісі 150-160 теңге болса, сәбіз 120 теңгеден саудалануда.

Дегенмен, базар ішіндегі бағалар да әр түрлі.

Бүгінде «Жібек жолы» базарында 200-ге жуық сауда нүктесі бар.

Толықтай базардың жағдайымен танысқан мамандар сатушыларға ескерту жұмыстарын жүргізді.

Ендігі жерде бұл жұмыстар келер айдың ортасына дейін өз жалғасын табатын болады.

Алдағы уақытта барлық сауда орындарындағы азық-түлік бағаларына тексеру жүргізіліп, қалтасының қамын ойлаған азаматтарға айыппұл салынатын болады.

 

Дереккөз: adym.kz

Пікірлер