Коронавирустан қайтыс болған үшінші адамның кім екені анықталды

2407
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда коронавирустан қайтыс болған науқастың кім екені белгілі болды. Бұл туралы Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте айтылды.

«30 наурызда Қарағанды қаласының ауруханаларының біріне 62 жастағы ер адам жатқызылды. Науқастың тыныс алуы қиындаған. Екі жақты пневмония болған. Тыныс алуы қиындаған. Жағдайы ауыр болды. Реанимациялық боксқа жатқызылды, - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.

«Науқас келіп түскен соң бірден коронавирусты анықтау үшін сараптама алынды. Ер адамның өліміне коронавирус себеп болғаны анықталды. Осыған дейін ол ауруханаға келген жоқ. Жағдайы қиындаған соң ғана жүгінген. Жақын туыстары да оқшауланды. Қайтыс болған адаммен байланыста болғандар анықталып жатыр», - деді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибігүл Төлегенова.

"...
Пікірлер