Павлодардағы атыс: Күдіктілер іздестірілуде (видео)

3508
Adyrna.kz Telegram

Павлодардағы бүгінгі күндіз болған атыс жайлы хабар қаланы дүрліктірді. Атыстан кейін қаладағы қымбат маркалы "Мерседес" автокөліктері толықтай тексеріліп, әлемжеліге атыстың видеолары шыққан болатын. Видеодан көргендеріңіздей қару ұстаған екі азамат подьезге жүгіріп кіреді де, 4-5 секундтан кейін қайта жүгіріп шығады. Аулада бейнебақылау бар деп ойламаса керек.
Осы оқиғаға орай Павлодар облыстық полиция департаменті "Адырна" порталына ресми жауап берді. Полиция департаментінің айтуынша, атыстан ешкім зардап шекпеген. Тергеу шараларының жүргізілуіне байланысты барлық ақпарат әзірге құпия.

Баспасөз хабарламасы

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі - бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды.
Осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2018-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат таратылмайды.

Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Пікірлер