Павлодарда блокпостты айналып өтпек болған жүргізуші қамауға алынды

2249
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда 35 жастағы ер адам Volkswagen Golf көлігіне үш жолаушыны мінгізіп, Семейге өту үшін блокпостты айналып өтпек болған, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ұсталған жүргізуші блокпосттан өтуге тыйым салынғанына қарамастан, Шығыс Қазақстан облысына өтпек болған.

"Полицейлер тәртіп бұзушыны ұстады. Павлодар облысы аумағына кіру және шығу режимін бұзған ер адамға қатысты ҚР Құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот қаулысымен ол бес тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Пікірлер