Жолаушыларды қаладан шығарған такси жүргізушісі ұсталды

3999
Adyrna.kz Telegram

Алматы полициясы жекелеген такси жүргізушілерінің жолаушыларды карантин аймағынан заңсыз шығарып жүрген схемаларын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бастамашыл топта: Алматы және Алматы облысының шекарасында орналасқан екі жеке үйдің таксистері мен тұрғындары болды. Ер адамдар азаматтарды қаладан облысқа және кері қарай тасымалдау схемасын жасады.

“Ол қалай әрекет етті? Такси жүргізушілерінің бірі шартты түрде қаладан клиент алып, оны Алатау ауданындағы Теректі ықшамауданында орналасқан жеке үйге алып барады. Клиент одан әрі жаяу жүріп, ауладан өтеді, содан кейін жалпы қақпадан Алматы облысының Қарасай ауданы, Көксай ауылында орналасқан тағы бір жеке ғимараттың ауласына кіреді. Жолаушыны қақпаның ар жағында тағы бір такси жүргізушісі күтіп тұрды және ол клиентті діттеген жеріне жеткізді. Мысалы, жүргізушілердің қызметі Талғарға, 8 мың теңгеден жоғары. Ал екі көршінің өз арасында келісімі бар. Бір адамның бір бағытта өтуі үшін олардың әрқайсысы 3 мың теңгеден алып отырған”, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Өткен түнде “транзиттік бизнестің” барлық қатысушылары ұсталды. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне заңға сәйкес шаралар міндетті түрде қабылданғаннан кейін құқықтық баға беріледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер