Даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов жерлестеріне көмек қолын созды

3840
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылынын тумасы, грек-рим күресінен КСРО және Қазақстан мемлекетінің спорт шебері, Қазақстаннын еңбек сіңірген қайраткері, даңқты палуан Дәулет Болатұлы Тұрлыханов жерлестеріне көмек қолын созды. Бүкіл әлемді дүрліктіріп жатқан  індет коронавирусқа байланысты көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратуды қолға алған даңқты палуан ШҚО-ның алты ауданына керуен аттандырды.

Дәулет Болатұлының атынан Шығыс өңіріндегі Жарма, Тарбағатай, Абай, Аягөз, Көкпекті және Ұржар аудандарындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға, көп балалы отбасыларға және әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық көмек жасалды. Ол ең басты қажеттілік ұн, қант, күріш, май сынды азық-түліктерден тұратын жалпы салмағы 78 тоннаны тиеген 7 жүк көлігі аталған аудандарға жөнелтілді. Осындай қиын жағдайда қол ұшын беріп жәрдемдескен, халқын ойлайтын Дәулет Болатұлына рахмет! Еліміз бірлік пен тыныштық болсын ағайын!

Думан Елғазы,

Шығыс Қазақстан облысы

Пікірлер