Қазақстандықтар 14 күнде 10 миллиард теңгеге дәрі сатып алған

3857
Adyrna.kz Telegram

Әлемді жайлаған індет қазақстандықтарға оңайға тимей тұр. Дәріханалардың алды кезек, дәрі тапшылығы байқалады. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер «дәрі осы аптаның аяғында толық түседі» деп отыр. Бірақ...

Халық індеттен құтылудың барлық жолын өздері қарастыруда. Тіпті көпшілігінде үрей бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан алдын ала дәрі сатып алып жатыр.

Мемлекеттік кіріс департаменті мамандарының деректеріне қарағанда, соңғы 14 күнде Қазақстан халқы 10 миллиард теңгеге дәрі мен әртүрлі препараттар сатып алған. Бірақ кіріс департаментінің мамандары «бұл цифр одан да көбірек. Өйткені көптеген дәріхана басшылары қазіргі уақытта дәрінің көп сатылуына байланысты табысын тиісті орындардан жасырып отыр» деген пікірде.
Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 3,5 мың дәріхананың ғана кассалық аппараттары бар. Ал қалғандарында дәріні сату қолма қол арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан дәріханадағылар түскен табысты тым төмендетіп көрсетеді. Кейбіреулерінде кассалық аппараттар жоқ болса да, жұмысын жалғастыра береді. Мұндай жағдайда әрине күніне қанша табыс түсетінін анықтау қиынға соғады.
Мемлекеттік кіріс департаменті мамандары «бүгінгі таңда Қазақстандағы дәріханалардың 60 пайызы ғана заңдық тұрғыда табысын толыққанды көрсетеді. Бұл шамамен алғанда 2 мыңдай ғана дәріхана» дегенді айтып отыр.

Еркін Қалдан,
«Адырна» ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер