Латвия саясаттанушысы: Ресей ыдыраса, жерінің жарты бөлігі Қазақстанға, қалғаны Қытайға кетеді

6633
Adyrna.kz Telegram

Ресейге қатысты сан қилы радикалды пікірлерімен танымал болған Латвия саясаттанушысы Александр Кирштейнс өзінің Twitter-інде «егер Ресей ыдыраған жағдайда территориясының жарты бөлігі Қазақстанға, ал қалғаны Қытайға кететінін айтты.

Ал мұны Латвияның депутаты қандай негізге сүйеніп айтып отыр?
Біріншіден, Латвия депутаты Ресейге ең жақын көрші Қазақстан, сонымен қатар бұрын Қазақ Республикасының астанасы Орынбор қаласы болғанына назар аударса керек.

Екіншіден, Ресейдің біраз территориясында қазақтар тұратыны ол енді ақиқат.

Ал Ресейдің жарты бөлігі неге Қытайға кетуі тиіс? Мұны латвиялық депутат Ресейдің Қиыр Шығысымен Қытайдың шекаралас екендігін айта келіп, бұл аймаққа кейінгі кезде қытайлар көптеп қоныстана бастағанынын тілге тиек еткен.

–Ресей осылай әртүрлі мемлекеттерге бөлінген жағдайда ғана әскери конфликт аяқталады, Еуропа мен бүкіл әлемде тыныштық пен бейбітшілік орнайтын болады,- дейді Кирштейнс.

... «Кирштейнстің көксегені орындалса, қалай болар екен?» дейміз біз?!

Еркін Қалдан,
«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер