Нұр- Сұлтанға Түркия, Ресей, Үндістан, Белорусь елдерінен 4,5 миллион қаптама дәрі-дәрмек жеткізілген

2322
Adyrna.kz Telegram

Бүгін өткізілген Үкімет отырысында  Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов КВИ бойынша жедел жәрдемге жүгіну саны қала бойынша 6 есеге, яғни 500 – ден 89- ға дейін азайғанын мәлімдеді.

Қазіргі күні қаламызда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 10320 адамды құрап отыр. Олардың  ішінен жалпы 7260 адам немесе 70 пайызы жазылып шықты. Ал соңғы бір аптада жазылып шыққандардың саны 1563 адам, яғни науқастардың  25 пайызы  өткен апта ішінде  жазылып шыққан.

225 адам қайтыс бола, 1511 адам стационарларда ем алуда. Ауыр халдегі науқастар саны 54 пайызға азайды.

Президент тапсырмасына сәйкес үкіметтің қолдауымен бірқатар шаралар қабылданды. Нәтижесінде карантин енгізілгеннен бастап КВИбойынша жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. Денсаулық сақтау ұйымдарына түскен салмақ та едәуір азайды. Жедел жәрдемге жүгінгендер тәулігіне 4300 - ден 1600- ге дейін яғни 3 есеге дейін төмендеді. Тек КВИ бойынша жедел жәрдемге жүгіну  500-ден 89-ға дейін немесе 6 есеге азайды. Жалпы шақырулар саны тәулігіне 3000 - нан 1000 - ға дейін немесе 3 есеге төмендеді.

Пневмониямен жатқан азаматтар саны 2 есеге немесе 1348 - ден 633- ге дейін азайды. Станционарлардың жүктемесі 99 пайыздан 38пайызға төмендеді. Реанимациядағы пациенттер саны 57 пайызға азайды.

Егер бұрын ауруханаға бір тәулікте 500-ге жуық пациент түсетін болса, қазір олардың саны 90 адамды құрайды.

Медициналық құрал жабдықтар бойынша: ауруханаларға қосымша 500 арнайы жабдықталған төсек-орындар, 350 оттегі концентраты, 150 флуометр және 2 компьютерлік томограф  аппараты алынды. Қосымша тағы медициналық жабдықтар алу көзделуде. Компьютерлік томография арқылы тұрғындарды тәулік бойы тексеру  жүргізілуде. Нәтижесінде станционарларға түскен салмақ едәуір азайды.

Медициналық кадрлар бойынша қаладағымедициналық  колледждерден 275 жас маман емханаларға жұмысқа орналасты, медициналық университеттен   300 студент жұмылдырылды.Жалпы алғанда медициналық оқу орындарынан 500 ден астам жас мамандар тартылды.

Дәріханалық желілердің дистрибьютерлеріне логистика, дәрілерді сатып алу және қалаға жеткізу рәсімдерін жеңілдету мәселелері  бойынша  қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар дистрибьютерлергедәрі - дәрмек сатып алу үшін айналым қаражаты бөлінді.

12 шілдеден бастап  Нұр-Сұлтанға Ресей, Түркия, Үндістан,  Белорусь елдерінен с ұранысқа ие 110 тонна немесе 4,5 миллион қаптама  фармакологиялық  препараттар жеткізілді.

Бұл дәрі - дәрмектер дәріханалардың ірі желілеріне теңдей бөлінді, қазіргі күні шамамен 1 айға жететін қор қалыптасты.

Жоспарлы медициналық көмекке келетін болсақ, бір апта бұрын 3 аурухана атап айтқанда, 1 және 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы,  2 көрсалалы аурухана жоспарлы медициналық көмек көрсетуді бастап кетті.

Тағы бір станционарда КВИ  тіркелген соңғы пациент жазылып шықты. Жақын күндері бұл станционар өз пациенттеріне жоспарлы түрде қабылдауды бастайды.

3 тамыздан бастап барлық қалалық емханалар жоспарлы медициналық көмек көрсетуді қолға алады. Тамыздың  15-не дейін біртіндеп босап жатқан станцоинарлардың есебінен ауруханалардың өз жұмыстарына қайта оралуларын жоспарлап отырмыз. Бірақ инфекциялық және провизорлық станционарлар қажет жағдайда жеткілікті орындарымен қайта ашылуға дайын болады. Және резервте қосымша объектілер дайындалған.

Карантиннен кейінгі індетпен күресу іс шараларына келсек, біріншіден, тұрғындар арасында қатаң карантиндік шараларды сақтау керектігі  туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіле береді.

Екіншіден, қоғамдық көлікте және халық көп жиналатын орындарда маскасыз адамдардың  кіруіне  рұқсат берілмейді.

Үшіншіден, адам көп жиналатын орындар,ұйымдар мен мектептерде, мекемелерде, арақашықтықты сақтау белгілері мен санитайзерлерді қою міндеті талап етіледі.

Осы қарапайым щараларды сақтасақ індетті жұқтыру алу қаупі азаятынына сенімдіміз.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер