Covid-19 бен пневмония біріктірілген жоқ

2333
Adyrna.kz Telegram

Статистика бірікті деп жатыр ғой, шындығында біріккен жоқ.

Кеше алғаш рет тәулік дерегінде коронавирус пен коронавирустық пневмония сандары жарияланды. Біріншісі ПТР анализбен расталған жағдай, екіншісі клиникалық белгілері бойынша расталған жағдай.
Біріншісі бойынша бір күнде 1226 науқас, 36 өлім тіркелсе, екіншісі бойынша 5181 науқас, 30 өлім тіркелген.

Бірақ коронавирустың негізгі статистикасына тек 1226 деген сан ғана қосылды. Coronavirus2020.kz сайтында коронавирустық пневмониядан өлгендер саны бөлек көрсетілгеніне қарағанда, Covid өлімі дерегіне коронавирустық пневмониядан қайтқандар да кірмейтін көрінеді.

Ал ДДСҰ-ның, Джонс Хопкинс университетінің және worldometers.info сайтының Covid карталары Қазақстан мәліметін тек билік дерегіне сүйеніп жариялайды.

Яғни кешегі деректен соң Қазақстандағы коронавирус жұқтырғандар саны 6407 адамға (1226+6407) емес, тек 1226 адамға артып, 91 593-ке жеткен. Егер біріктірсе, 96774 болуы керек еді және біз алда тұрған Египеттен озып кетуіміз қажет болатын.

Қорытқанда, билік Covid пен пневмонияны біріктірген жоқ, биліктің жасағаны – жай ғана пневмония дерегін коронавируспен қатар жариялау. Осыны істеу үшін екі апта кетті.

Ал көршіміз Қырғызстан статистиканы біріктіретінін 16 шілде жариялады да, 17 шілде күні ортақ санға көшіп кетті. Бір-ақ күнде. Сөйте тұра Қырғызстан статистиканы расымен біріктіріп жариялады, Қазақстан сияқты айла жасамады.

Дархан Өмірбек

Пікірлер