Үздік поэзия: Отан деп отқа өртеуге салдым бәрін..

2364
Adyrna.kz Telegram

Отан деп отқа өртеуге салдым бәрін,

Жоқ бүгін көкорайлы шалғындарың.

Әйтеуір үлкен тойың қарсаңында

Жайнайды менің-дағы бал-бұл жаным!

 

Жалаңаш Ордаң да әне, көрінуде,

Жүдеген Шыңғысыңның төрі мүлде.

Болмайды баяғыдай, жаңартқанмен

Ақшоқын, Жидебайың, Бөрілерің де.

 

Жеріңнің төсі түгел найзаланған,

Тау-тасың үгітілген, майдаланған.

Қырғыны қырық жылғы аз болғандай,

Қос бомба қайда қалған, қайда қалған..?!

 

Бәрі де әлі жұмбақ, жасырады,

Үреймен аяқталар ғасыр әлі.

Әйтеуір бір сәт бәрін ұмытармыз,

Абайдың шырқалғанда асыл әні!

 

Жамбыл ауданы,

Есіл АЙДАРБЕК

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер