Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ қоғам қайраткері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

3354
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Осыған орай ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев бастаған бір топ мемлекет және қоғам қайраткері елордадағы Абай ескерткішіне салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды “Адырна” ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Гүл шоқтарын қою рәсіміне ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, елорда әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдырахманов қатысты. Мұндай салтанатты рәсім еліміздің барлық өңірінде өткізілді.

Айта кетейік, таяуда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет Абай күнін белгілеп, еліміздің атаулы мерекелер тізбесіне енгізді. Мұндағы басты мақсат - Абайды ұлтымыздың рухани реформаторы, әлемдік деңгейдегі кемеңгер ретінде теңдессіз шығармашылығын насихаттау.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер