Шенеуніктер Арыс қаласына бөлінген қаржыны жымқырған

4677
Adyrna.kz Telegram

Арыс халқына арналған қаражаттың 50 млн теңгесін оралдық шенеуніктер қолды қылған деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Астана TV» телеарнасына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, парақорлар қалтаға басқан ақшаға 46 үйді жөндеуге болады екен. Аса ірі көлемдегі қаражатты, Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғалары жымқырыпты. Осы уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Данияр БИГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ 1-ШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ТЕРГЕУШІСІ:

- Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғалары мердігер мекеме өкілдерімен сөз байласқан. Осылайша, 2019 жылдың тамызынан желтоқсан айлары аралығында 50 млн. теңгеден астам аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны белгілі болды.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер