Әйелдің ынтызарлығын оятатын ер адамның 7 қасиеті

3175
Adyrna.kz Telegram

Бір сөзділігі

Әйелдің өмірінде (дәл төсектегідей), ер адам көңіл күй ауанын күйттеп, қарым-қатынастың негізгі бағытын өзі таңдап отырады. Өзіне сенімді азаматқа ынтызарлық тез оянады. Айтқанынан қайтпайтын адамға құрмет өседі. Ол қандай әйел іздегенін біледі. Қандай қарым-қатынасты күтетінін болжайды. Ол өзі таңдаған әйелге өмірінде қандай рөл ойнайтынын айтуға арланбайды.

Алғырлық пен әзіл

Бір қызығы, әйел үшін ер адамның ақылы өте тартымды болады екен. Мәселе, IQ-де емес, ер кісінің энциклопедиялық білімінде де емес. Жоғары білімінде де болмауы мүмкін. Мәселе, өмірді тануға талпынған ниетінде. Жаңашылдыққа бейімдігінде. Жағдай мен заттың мәнін түсінуге тырысуында. Ақыл – әлемді уыста ұстау құралындай. Мұнысы әйелдің қиялын ұштап, азаматтың болмысына тәнті болуға итермелейді. Әйел үшін онымен сөйлесу, дауласу, тыңдау маңызды.

Сезімталдығы мен нәзіктігі

Көптеген елде ер азаматтың дәстүрлі тәрбиесінде сезімталдығын басып ұстау мәнері бар. Оны көрсету әлсіздік деп ұғады. Алайда әйелдің ынтызарлығын «темірбетон» еркектер емес, дәл осы нәзік жанын ашып көрсете алатын азаматтар оятады екен. Әйел үшін мұндай қылық «сен мен үшін маңыздысың», «жүрегімді тек сен үшін аштым» деген белгі екен. Нәзіктігін көрсетуі ер адамның түсіністік таныту, көңілге қарай білу, сезімталдығы мен қамқорлық жасай алатындығынан хабардар еткені. Дегенмен, нәзіктігі азаматтың адалдығымен, кез келген жағдайды басқарып кете алу қабілетімен астаспаса, тартымды болмай қалады. Кей әйелдердің пікірінше нәзіктік деген: «Менің жігітімнің нәзіктік танытуы – мен ыдыс жуғанда жанымнан өтіп бара жатып мойнымнан иіскеуі», «достармен кешкі аста отырғанда қолымнан ұстауы», «кино көргенде басын менің тіземе қоюы», «себепсіз аймалап, құшуы» - ынтызарлық оятады екен.

Күш-қуат деңгейі

Ер адамның сексуалды күш-қуатының жоғары болуы. Философтардың айтуынша, бұл тек төсектегі қабілет емес, өмірлік күш-қуаттың көрінісі. Ер адам ылғи мақсат қойып, алға ұмтылып отырса, ынтыланса – бұл да күш-қуаттың еселенуі. Соның бәрін жүзеге асыруға ниеті жетсе ер адам позитивті, дұрыс зарядталған болып шығады. Оның үстіне күш-қуаттың тасып-толуы ер адамның өзіне сенімді болуына, өзін, айналасын құрметтеуіне, харизмасының ерекше болуына, кез келген істе алда болуына себепші. Кей психологтар, сексуалды күш-қуаттың мықтылығына адамның материалды дәулеті де тәуелді болады деп айтады.

Қалжыңдай білуі

Қалжыңдаса білуі ер адамның еркіндігінің, үйлестіргіш қасиетінің болуы, жағдайды сезіне алу қабілетінің, еркінси алуын тиянақтайды. Әзілдесе білуі адамның ішкі түйсігімен қатты байланысты.

Дене тұрпаты

Әйелдерді тек сымбатты ер адамдар қызықтырады деген пікір кең тараған. Сыртқы әлпет маңызды фактор емес. Дегенмен, әйел заты түйсік деңгейінде келешек ұрпағына неғұрлым дені сау, тегі мықты әкені іздейтіні анық. Жауырыны қақпақтай денелі жігіт – әр әйелдің бейсанасында жазылған архаикалық образ. Қазіргі замандағы ерлердің образы сан алуан. Оның стандарты жоқ. Болса, тым көп. Көп әйел үшін әкесіне ұқсас адамдар тартымды келеді. Сондықтан идеал пропорцияға ұмтыла берудің қажеті шамалы. Ал өзіне, сымбатына мән беру – әр жігіттің өз еркіндегі іс. Бұл тарапта өркениеттің әр азаматқа берген мүмкіндігі жетіп-артылады.

Тәрбиесі

"Тәрбиесі – еркектің бет-бейнесі". Қазіргі таңда көптеген ер азаматтар бұл туралы ұмытқан секілді. Алайда әйел заты бұған жете мән береді. Әйелге ер адамның тәрбиесі өте маңызды әрі тыртымды болып қала береді.

Аударған Шынар Әбілда

Пікірлер