Қазақстан бала тәрбиесі бойынша нешінші орында?

3888
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы білім беру саласын дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Azattyq Ruhy» сайтына сілтеп.

«Әлемдік рейтингте Қазақстан бала тәрбиесі бойынша ең соңғы 73-орында тұр. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы, яғни, PISA нәтижесі оқушыларымыздың сауаттылығының төмендеп кеткенін көрсетті. Кері кету тенденциясы байқалады. Сондықтан анализ жасап, білім беру саласын жақсартуға қажетті шараларды тез арада қабылдау қажет», - деді Ералы Тоғжанов.

Ол Қазақстандағы жоғары білім беру саласын да сынға алды.

«Біз жоғары оқу орнының девальвациясын байқап отырмыз. Сондықтан да жастар шетелде оқуды таңдайды. Жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмысы да нашар деңгейде. Соңғы рейтинг бойынша еліміз 133 мемлекеттен 81-орында тұр», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.

 

«Адырна» ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер