Жер мәселесінде  стратегиялық жоспардың маңызы зор – Рүстем Әшетаев

3056
Adyrna.kz Telegram

Бүгін "Алаш" партиясы жетекшілерінің бірі Әлімхан Ермековтің қазақ жерінің шекарасын мойындатқанына 100 жыл толды. Атаулы күнде журналсит  Рүстем Әшетаев "Жер кодексінің" даулы мәселесіне  стратегиялық жоспар ұсынды.

БҮГІН ҚАЗАҚ ЕЛІ ШЕКАРАСЫНЫҢ НАҚТЫЛАНҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ.

Жер кодексінің АШ жерлерінің белгілі бір баптарына жарияланған мараторий уақытының бітуіне бір жарым жыл қалғаны бәрімізге белгілі.
Осы уақытқа дейін мараторийда көрсетілген баптарға халықтың талабына сай өзгерістер енгізу бойынша мардымды ешқандай жұмыстар атқарылған жоқ.
Нәтижесінде, күн өткен сайын ағайынның алаңдаушылығы артуда.

Дәл осылай кете берсе, мұның соңы не болмақ?
Ендігі қалған уақытта не істеуге болады?

Кез-келген заң парламентте қаралуы үшін, алдымен парламентте қаралатын заңдардың күн тәртібіне енгізіліп, парламент отырысында талқыланатын күні бегіленеді.
Содан кейін, сол заңның жобасын әзірлеуге тиісті министірлікке жолданады.
Өз кезегінде, министірлік сол заңды зерттеп, белгіленген уақыт аралығында дайындап шығып, парламентке ұсынады. Ары қарай сатылап президенттің алдына барады.
Мұның бәрі бір жарым-екі жылдық шаруа.

Ал, бізде қанша уақыт қалды?
Мінекей!
Дәл бүгін біздердің болашақта сатылап атқаруымыз керек жұмыстарымыздың, стратегиялық жоспарын құрып алудың маңызы өте жоғары.
Содан кейін, сол жолмен ынтымақтаса жүріп өтуіміз керек болады.

Осы сұрақтар бойынша төмендегідей стратегиялық қадамдарды ұсынамын.

1) Жер кодексінің мораторийда тұрған баптарын, парламенттің алдағы жұмыс жоспарына енгізілуіне ықпал жасау.

2) Осы баптардың парламентте қаралатын күні нақтыланып, заң жобасын әзірлеуге АШМ-не тапсырылған күннен бастап, қоғам белсенділері АШМ-мен біріккен комиссиясын құруға ықпал жасау.

3) Біріккен комиссияның өңірлерде штабы ашылып, өздерінің ұсыныстарын жоғарыдағы жұмысшы тобына жеткізіп отыру.

4) БАҚ құралдарынан жер қозғалысына арналған тұрақты айдар ашу арқылы, әрбір іс-қимылын жариялап отыру.

 

Рүстем Әшетаев

Пікірлер