Әлеуметтік қамсыздандыру және оның функциялары

11243
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік қамсыздандыру-әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттерін қанағаттандыруға және тұрмыс жағдайын  қолдауға негізделген.

Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында бекітілген, бұл бапқа сәйкес: “Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағадайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемінде, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері

Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру келесі түрлерде жүзеге асырылады

  • Ақша төлемдері (зейнетақы, жәрдемақы, өтемақы, материалдық көмек және т.б.);
  • Заттай көмек (дәрі-дәрмек, азық түлік, мүгедектер үшін техникалық көмек құралдары);
  • Қызмет көрсету және жеңілдіктер (қарттар және мүгедектердің үй-интернаттарына, балалар үйлеріне орналастыру, үйде әлеуметтік қызмет көрсету және т.б.);
  • Мүгедектердің емделуімен, сауығуымен және денсаулығын жақсартумен (стационарда, үйден қатынап емдеу санаторийларда, қарттар және мүгедектер үшін арналған үй-интернаттарда);
  • Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің біржолғы ақшалай және ақшалай емес түрлері);

Ақша құралдарының қайнар көзіне қарай әлеуметтік қамсыздандырудың екі түрін ажыратуға болады

  • Мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатвн мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру;
  • Зейнетақы қорларының салымшыларының – заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік емес әлеуметтік қамсыздандыру;

Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық функциясы жасына, еңбекке қабылеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсету.

Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік функциясы әлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж азаматтар санаттарына оларға қосымша қаржы бөлу жолымен көмек көрсету.

Әлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуы.

Әлеуметтік қамсыздандырудың сауықтыру функциясы мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамдық мәртебесін қалпына келтіру үшін қалыпты жағдайлар жасау.

Әлеуметтік қамсыздандырудың демографиялық функциясы халық санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер