Актер Ефремов: «Мені өлім жазасына кесті»

2486
Adyrna.kz Telegram

Әйгілі орыс актері М. Ефремов 8 маусым күні Мәскеу орталығында кешкі уақытта жол-көлік апатына ұшырап, бір адамның өліміне себепкер болған еді. Сол күні актердің мас болғаны анықталған. Бүгін актердің тағдыршешті соты өтуде, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Utro.ru-ға сілтеме жасап.

Пресненс сотында Михаил Ефремовтің ісі бойынша кезекті отырыс басталды. Бұл сот актердің тағдырын шешпек. Адвокат Эльман Пашаев көлікті қайта тексеруді сұраған, бірақ сот одан бас тартты.

Ефремовтің адвокаты көлікті жүргізген адам мен Ефремов-жолаушының іздері әйнекте қалуы мүмкін екеніне сенімді. Оның айтуынша, апат кезінде актер басын ұрып алған.

Прокурор апаттан кейін актер басының ауырғанын айтпағандығын ескертсе, ал адвокат Анна Батурина Ефремовтің рөлде болғанын мойындағанын еске салды.

Сонда актер: «Бұл өтірік! Бұл өтірік!» - деп  қатты айқай салған, содан кейін судья Елена Абрамова айыпталушыны тоқтатып, ол сөзін жалғастыра алмайды. Кейін Ефремов орнынан тұрып, сотқа:

«9 маусымда-ақ мені барлық жәбірленушінің адвокаттары қатты жақсы көретін бүкіл федералды арналар өлім жазасына кесті. Сізден бір ғана сұрайтыным ­–  менің соңғы тілегімді орындасаңыз»,- деген.

Актер жеке өзі жолаушылар орны мен қауіпсіздік белдігіне биологиялық сараптама тағайындауды сұрайды. Ол сол күні мойнында қауіпсіздік белбеуінің ізі қалғанын еске түсірді. Сонымен қатар актер өзінің ешқашан мас болып рөлге отырмағанын да айтқан.

Lenta.ru-дың хабарлауынша, актер сот барысында судья Елена Абрамова тағайындағысы келген қорғаушының қызметінен бас тартқан.

Ефремов жаңа тағайындалатын адвокат ол үшін іс жүзінде артық екенін атап өткен, өйткені оны келісім бойынша екі адвокат — процеске оралған Эльман Пашаев пен Елизавета Шаргородская қорғайды. Осыдан кейін судья тағайындалған қорғаушыны процестен шығарған.

Бұған дейін Ефремовтің адвокаты Пашаев оқиғаның соңғы бейнежазбасы негізінде сотта оппоненттердің "көбеюі" ұйымдастырылатынын айтқан.

Сондай-ақ 29 тамызда актер Никита Джигурда Михаил Ефремовтің өлім апатында кінәсіздігін дәлелдейтін деректерді мәлімдеген. Ол өз сөзінде Ефремов апат кезінде көлік жүргізбегенін және оның ақталуы керектігін жеткізген.

 

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер