Ракты құртқан оқ..

2530
Adyrna.kz Telegram

Рак ісігіне шалдыққан Мануэль Альварес қиналыспен өтетін өмірден біржола құтылғысы келді. Миға шапқан ісіктің барын естігеннен кейін ол өзін басынан атып өлгісі келген. Бірақ өмірдің ғажайып құпиясы мол. Ол өзін атып, рактан құлан таза жазылып кетті. Сенбейсіз бе? Бұған өзім де сенбеймін, дейді Кордовы қаласында тұратын доктор хирург Альфансо Гонсалес. Мұндай таңғажайып оқиға миллиард жағдайдың бірінде ғана болуы мүмкін. 9мм оқ мидағы ісікті құртқан, сау клетқаларға зақым келмеген.
Бақытты адам 36 жаста. Ол жүргізуші, үш баланың әкесі.
– Мен өлуге тиіс едім, дейді ол америқаның апталық «ньюс» газетінің журналисіне. Қазір жағдайым өте жақсы. Екі күннен кейін ауруханадан шығамын.
Доктор Гансалес Альварестің миынан тауық жұмыртқасының көлеміндей ісік тапқан. Дәрігерлік сараптамадан кейін олар хирургиялық жолмен ісікті сылып тастауға болмайды деп шешкен. Науқасқа тек химиялық терапия жасаған. Ал химиялық терапия бас ауруын күшейтіп, ауру басатын есірткілердің өзі көмектесе алмаған.
Ұйқысыз түндер, жан қинаған ауру Мануэль Альварестің есін алып, қасқырдай ұлытып, күнін түнге, түнін күнге алмастырған.
– Бүйткенше өле салуды жөн көрдім. Қоштасу хатын жазып, арақты түгел сіміріп алдым. Содан соң тапаншаны тақап, жанымды жеген азаптан құтылу үшін шүріппені басып жібердім... Есімді ауруханада жидым.
– Ол енді о дүниелік адам, деп ойладық дейді нейрохирург. Бәрі де солай ойлаған. Оқты алып, жан жағын тазалағаннан кейін, ол есін жиды. Бұл шынында адам сенгісіз оқиға.

Сіздер осындай мыңнан бір кездесетін тағдырдың тылсым сырына тап болған жандардың оқиғасын естідіңіздер ме?

БЕКЗАТ БОЛАТҰЛЫ, 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер