Нұр-Сұлтанда вакцинация науқаны басталды

2264
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды, деп хабарлады Sputnik.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары жедел респираторлы вирустық инфекцияларға және тұмауға қарсы екпе ала алады. Ол үшін пациент өзі тіркелген емханаға жүгінуі керек. Препарат кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді.

№10 қалалық емхананың жоғары санатты дәрігер-педиатры Жанкүміс Шайхислямова ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі антиденелерді қалыптастыратын вакцина екенін атап өтті. Денедегі қорғаныс агенттері вирустарды өлтіреді және жояды.

"Нұр-Сұлтанда 4 қыркүйектен бастап ресейлік вакцина пайда болды. Біз ЖРВИ мен тұмау өршігенге дейін бұл препаратты уақтылы алуға кеңес береміз. 0,5 шприцке құйылған дайын екпе иықтағы бұлшықетке салынады", - дейді Шайхислямова.

Вакцинаны алты айлық балаларға да қолдануға болады. Препарат тауық ақуызына аллергиясы бар адамдарға ғана рұқсат етілмеген.

Пікірлер