Әжесі 9 айлық немересіне героин дозасын беріп өлтірген

2351
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Мэриленд штатында әжесі тоғыз айлық немересіне героин дозасын бергені үшін он жылға сотталды, - деп хабарлайды Associated Press.

44 жастағы американ әйелге кісі өлтіру  мен балаға зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2019 жылдың шілде айында әйел және оның 17 жастағы қызы төрт доза героин сатып алған. Героин дозасының біреуінің жоғалғанын байқаған әйелдер оны бала жеп қойды ма деп ойлайды. Олар баланың қырылдап, тұншығып жатқанын да көреді. Алайда, бала қиналып жатса да, мән бермей, ұйықтап қалады. Бала қайтыс болған. Бір ай бұрын сотталушының 17 жастағы қызы айыптан босатылған.

Фото ашық дереккөзден алынды

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер