Әблязов Францияда сот бақылауына алынды

3402
Adyrna.kz Telegram

Мұхтар Әблязов Францияда Қазақстан қозғаған қылмыстық іс бойынша 7,5 миллиард доллар жымқырды деп айыпталды. Ол қазіргі таңда соттың бақылауында. Бұл туралы бұрынғы қазақстандық банкирдің адвокаты айтты, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Radio Free Europa-ға сілтеме жасап.

Заңгердің айтуынша, Франциядан саяси баспана алған Әблязовке «сенім үдесін асыра пайдаланды» және «ақшаның ізін жасырды» деген айып тағылған. Сондай-ақ, Жерар Чолакян Париж прокуратурасына Қазақстаннан шағым түскенін атап өтті.

Мұхтар Әблязовтың өзі дүйсенбіде қамауға алынып, екі күн түрмеде отырғанын айтқан болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, банкир кейінірек босатылған.

Еске сала кетейік, Әблязов БТА банкінен шамамен 7 миллиард доллар жымқырғаны
үшін сырттай 20 жылға сотталып, 2018 жылы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Қазіргі таңда БТА банкінің бұрынғы басшысын Ресей мен Украина бюджетінен 5 миллиард доллар ұрлады деген күдікпен іздестіріп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер