“Жаңғырған сана - жаңа серпін”

1831
Adyrna.kz Telegram

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының 3 жылдығына орай қоғамдық сананы жаңғырту жолында атқарылған жұмыстар сараланып, материалдар жинақталып, «Жаңғырған сана – жаңа серпін» кітап-жинағы шығарылды.

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні аталмыш кітап-жинақ авторларымен кездесу өткізілді. Жинақ авторларының саны 40-қа жуық адамды құрайды.

Бұл кітап-жинаққа «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша зиялы қауым өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің ой-толғамдары мен Ақтөбе қаласы және аудандардың, облыстық салалық басқармалардың, жоғары оқу орындарының атқарылған жұмыстары туралы мақалалар жинақталған.
Кездесу барысында ҚР мәдениет саласының үздігі Е.Құрманбек, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценті, т.ғ.к. Д.Әбенов, С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің проректоры, ф.ғ.к. М.Миров, «Қоғамдық келісім» КММ маманы Т.Сапаров, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ доценті, ф.ғ.к. Н.Сәдуақас кітап-жинақтың мазмұны туралы ой-пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта жарық көрер жинақтар төңірегіндегі жаңа идеяларымен бөлісті.

Жауапты редакторы Еркін Құрманбектің айтуынша, жинақ құрастырудағы мақсат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қоғамдық сананы жаңғырту жолында 3 жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралау.

Шара соңында кітап авторларға үлестіріліп, облыстық, аудандық барлық кітапханаларға, архив және музейлерге таратылды.

Пікірлер