17 жасар қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген

3612
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 17 жастағы қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі анықталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы polosia.kz-ке сілтеме жасап.

– Аталған азаматша жезөкшелікпен айналысуға 17 және 22 жастағы қыздарды тартқан. Жезөкшелер ошағы Медеу ауданының Пушкин көшесі бойында орналасқан тұрғын үйде ұйымдастырылған. Тергеу барысында ұсталған азаматшаның Алматыға өзінің жерлестерін жалақысы көп жұмыс тауып беремін деген желеумен алдап шақырып алғаны белгілі болды. Алайда оларды жезөкшелікпен айналысу күтіп тұрған болып шықты. Қазіргі таңда күдікті азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдікті қамауға алынды”-деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ полицияда ұсталған азаматшаның бұрын өзінің жаңа туған баласын сатқаны үшін қылмысты жауапкершілікке тартылғандығын атап көрсетті.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер