«Ауыл» партиясы шаруаларға жылдық өтемақысы 2 пайызды құрайтын несие беру жүйесін ұсынады

4633
Adyrna.kz Telegram

«Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жылдық өтемақысы 2 пайызды құрайтын несие беру жүйесін ұсынады. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазагро» холдингі мен оның еншілес ұйымдарына жыл сайын қомақты сома бөлінсе де, шаруалардың қаржы қажеттілігінің жартысы ғана өтелуде. Несие сыйақысын субсидиялау бағдарламасы жасалса да, екінші деңгейлі банктердің ауыл шаруашылығына бет бұрғысы жоқ. Біз өзіміздің сайлауалды бағдарламамызда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне ұзақ мерзімді, жылдық өтемақысы 2 пайызды құрайтын несиелер беру жүйесін қалыптастыруды ұсынып отырмыз. Осындай қолдау арқылы ғана ауыл өндірісін көтеруге болады деп есептейміз», - деді ол партияның кезектен тыс XVIII съезінде.

Оның пайымынша, мемлекетімізде аграрлық сектор экономиканы алға сүйрейтін локомотив болатынына күмән жоқ. «Ауыл шаруашылығы болашақта мұнай мен газ сияқты жерасты байлықтарының орнын басатын жердің үстіндегі алтын қазынаға айналатын мүмкіндігі бар. «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай ас екен», - деген мәтелдің заманы келді. Адамға қымбат үй, киім, көлік емес, ең алдымен ас керек, сол арқылы мықты денсаулық керек», - деді Әли Бектаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер