АЙМАН САҒИДУЛЛА: Сайлаудың арам ісіне мұғалімді араластырмау керек!

7163
Adyrna.kz Telegram

Асхат Аймағамбетов мырза! Халық үшін жасауыңыз қажет бір іс бар.
1. Мектепке сайлауды жақындатпау.
2. Мектеп мұғалімдері мен басшыларының комиссия мүшелігіне кіруіне тиым салу. (Қажет болса, заңға енгізу. )
3. Сайлау участкелерін мектеп ғимаратынан ашуға тиым салу.
Бұл сайлаудың арам ісіне мұғалімдерді араластырып, мұғалімнің беделін түсіруге жол бермеудің негізгі жолы.
Сондықтан мектеп пен мұғалімді сайлаудан қорғап, осы мәселені қолға алуыңызды сұраймын.
Құрметті әріптестер!
Қолдасаңыздар "қолдаймын" деп пікір қалдырыңыздар.
           Фото ашық дереккөзден алынды

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер