Жер сілкінісі кезінде не істеу қажет?

2218
Adyrna.kz Telegram

Жер сілкінісі табиғи сипаттағы төтенше жағдайға жатады. Ол шартты түрде үшке бөлінеді: әлсіз (1-4 балл), күшті (5-6 балл) және қирататын ( 8 және одан да көп). Ендігі кезекте оның түрлеріне тоқталып өтелік. Жер қабаты мен литосфера тақтасының қимылдауынан болатын жер сілкінісін тектоникалық, жанартаулардың атқылауынан болатын зілзаланы жанартаулық деп атаймыз. Сондай-ақ, жерден опырылуы нәтижесінде пайда болатын опырылма жер сілкінісі бар. Бүгінде әлем елдерінде техногендік жер сілкіністері орын алуда. Бұл адамдардың табиғатқа салғырт қарауы нәтижесінде пайда болады.

Көпшілік жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде қалай әрекет ету керек екенін білмей жатады. Осыған орай қауіпсіздік ережелерін назарларыңызға ұсынамыз.

Егер сіз жер сілкінісі кезінде үйде болсаңыз:

Кереуеттің яки орындықтың астына кіріңіз. Олар сізді құлауы мүмкін сынықтар мен заттардан қорғайды. Терезелерден, ілулі заттардан, айналардан, биік жиһаздардан, үлкен тұрмыстық техникалардан және ауыр заттармен толтырылған шкафтардан абай болыңыз. Егер сіз жер сілкінісі кезінде керуетте жатсаңыз,  дереу орныңыздан тұрып,  басыңызды жастықпен жабыңыз. Жер сілкінісі 5 баллдан көп болған жағдайда ғимараттан шығуға әрекет жасаңыз.

Балконға шықпаңыз, от қоймаңыз, есікті ашыңыз және есік алдында тұрыңыз немесе қауіпсіз жерде жасырыңыз.

Егер сіз мүгедектер арбасын қолдансаңыз, дөңгелектерді бекітіп, басыңызды жабыңыз.

Егер сіз көшеде болсаңыз, төмендегідей әрекеттерді жасаңыз:

Электр желілерінен, ғимараттардан және ағаштардан алыс болыңыз.

Егер сіз көлік жүргізіп келе жатсаңыз, жолдың шетіне барып, тоқтаңыз. Қауіпті жерлердің астында тоқтамаңыз (мысалы, көпірлер, электр желілері немесе үлкен жол белгілері).

Құлап кетуі мүмкін қауіпті заттарды қадағалаңыз, құтқару штабын тауып, көмекке жүгініңіз.

Жер сілкінісі аяқталғаннан кейін не істеу қажет?

Ең алдымен, айналаңыздағы адамдарға назар аударыңыз. Жарақат алған жандарға алғашқы көмек көрсетіңіз.  Ауыр жарақат алған адамдар қауіпсіз жерде болған жағдайда оның жылжытпаңыз.Себебі артық қимыл оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.  Зардап шеккен жандыкөрпемен немесе қосымша киіммен жабыңыз. Радиоқабылдағышты қосыңыз.

Ғимараттардан баспалдақтар бойынша эвакуацияланыңыз, лифтілерді пайдаланбаңыз.

Өрт, құлаған электр желілері және ғимараттардың зақымдануы сияқты бірқатар қауіпті жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз.

Егер сізде өрт сөндіргіштер болса және оларды қолдануға үйретілген болсаңыз, онда кішкентай өрттерді дереу сөндіріңіз. Сынған әйнектерден аулақ болыңыз.

Ағартқыш, лай, бақша химикаттары, бояу, бензин немесе басқа да жанғыш сұйықтықтардан төгілген қауіпті материалдардың жанында өте сақ болыңыз. Егер күмәндансаңыз, онда бұл жерден кетіңіз.

Есіңізде болсын, дүмпу қайталануы мүмкін. Сол себепті төтенше жағдайға дайын болып, анық зардап шеккен ғимарат аумағынан алыс болуға әрекет жасаңыз.

Алматы  – сейсмикалық қауіпті аймақ

Елімізде оңтүстік пен оңтүстік шығыс аудандарында жер сілкінісі көп болады. Қауіпті аудандардың тізіміне Шығыс Қазақстан,  Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары кіреді. Ал ең қауіпті сейсмикалық қала – Алматы қаласы. Ол 9 баллдық және одан да жоғары жер сілкінісі бар қауіпті сейсмикалық аймақта орналасқан. Сейсмологтардың айтуынша, қаланың кез келген тұрғыны жер сілкінісіне дайын болуы тиіс. «Жапонияда әр үйде зілзаланы хабарлап отыратын құрылғы орнатылады. Ал бізде бар болғаны Жапония сыйлаған 5 қондырғы бар. Олар қаланың әр аймағында орналасқан. Сол қондырғылар арқылы жер сілкінісінің бірінші толқынынан кейін қосымшаға хабарлама барады. Адамдар дүмпудің келесі толқыны болғанша қауіпсіз жерге шығып үлгере алады. Әрине, толыққанды ақпарат беру үшін құрал-жабдықтар жеткілікті болуы шарт. Оның барлығы қазір қарастырылуда», – деді Владимир Кучкин inbusiness.kz тілшісіне берген сұхбатында.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер