Сарапшылар болжамы: Лукашенко орнына кімді қалдыруы мүмкін?

2285
Adyrna.kz Telegram
epa07230437 Belarussian President Alexander Lukashenko speaks during a meeting with the media in Minsk, Belarus, 14 December 2018.  EPA-EFE/VASILY FEDOSENKO / POOL
epa07230437 Belarussian President Alexander Lukashenko speaks during a meeting with the media in Minsk, Belarus, 14 December 2018. EPA-EFE/VASILY FEDOSENKO / POOL

Бірнеше айдан бері Беларусь елінде тыныш өмір жоқ. Ел президенті Александр Лукашенконың орнынан кетуін талап еткендердің қатары азаймай тұр. Бірақ қаншама бейбіт ереуіл жасалса да, 26 жылдан бері тақта мызғымай отырған Александр Лукашенко әдейі уақытты созып келеді. Кетуге де құлықты емес.

Халықты алдарқатып, әртүрлі мәлімдемелер жасап отырған «Еуропаның соңғы диктаторы» енді Конституциялық реформалар жасауға көшетінін айтты. Алайда ол реформа қалай жүзеге асады, онда басты назарға не алынады? Конституция тағы да таққұмар президенттің мүддесін көздей ме? Ол енді алдағы уақыттың еншісіне қалайын деп тұр.

Әйтсе де, көптеген сарапшылар  Лукашенконың жасамақ болып отырған Конституциялық реформаларының астарында өз мүддесін қорғау саясаты жатқанын біліп отыр. Кеше бірқатар сарапшылар «алдағы уақытта басым өкілеттілік Сенат төрағасына беріледі» деп болжам жасады. Ал Президенттің орнына қазіргі Сенат төрағасы Наталья Кочанова келеді де, оның орнын бүгінгі президент  Александр Лукашенко басады. Сөйтіп, «Еуропаның соңғы диктаторы» басым өкілеттілікке ие болып, өз орны мен барлық құқын сақтап қалады.

26 жыл тақта мызғымай отырған адамға билікті бере салу оңай деймісің...

Еркін ҚАЛДАН,

«Адырна» ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер