Елордада 33 жаңажылдық шырша орнатылды

2469
Adyrna.kz Telegram

Жаңа жылға орай қаланың әр жерінде 33 жаңажылдық шырша орнатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Нұр-Сұлтанда мерекенің басты нышанын жағу рәсімі өткен.

Шыршалардың бірі ЭКСПО қалашығының аумағында орналасқан, биіктігі 25 метр. Жасанды шырша 1200 шар, 250 кішкене және 20 композициялық қармен түрлі-түсті етіп безендірілген. Ұзындығы 1500 метр жыпылықтайтын жарық диодты және 500 метр твинкл-лайт гирляндтармен жарықтандырылған. Салтанатқа қатысқан қала тұрғындары мереке сәнін жоғары бағалады.

«Шырша керемет, өте әдемі жарықтандырылған. Мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Өте ұнады. Отандастарымызды мерекемен құттықтаймыз, келе жатқан 2021 жыл барлығына сәттілік, жақсылық, бақыт пен денсаулық әкелсін», - дейді елорда тұрғындары.

Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халық көп шоғырланған жерлерге баратын қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады.

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Роликтерге танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда алты метрлік тоқылған шырша пайда болады. Қазір мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген шеберлер жұмыс жасауда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер