Әскери оқу орнының факультетіне Бауыржан Момышұлының есімі берілді

2998
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жалпы әскери факультетіне аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімі берілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ашылу рәсімі Ұлты Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орайластырылды.
Аталған іс-шараға басшылық, профессорлық оқытушы құрам мен университеттің тыңдаушылары, сондай-ақ Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.

«Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерліктері әрқашан барлық офицерге және жас ұрпаққа үлгі болары анық. Батырдың есімі берілген жалпы әскери факультетінің ашылуы біздің оқу орнына факультет магистранттарын даярлауда зор үлесін қосады деп үміттенемін», - деп Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер