Әскер қатарына шақырылған жігіт үшінші қабаттан секірген

3985
Adyrna.kz Telegram

Оралда жас жігіт облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент ғимаратының үшінші қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24» -ке сілтеме жасап.

Салдарынан әскерге шақырту алған жасөспірімнің омыртқасына айтарылықтай зақым келіп, екі аяғына операция жасалыпты. Оқыс оқиға желтоқсаның 8-і күні болған. Сол күні шақыру қағазын алған анасы әскери комиссариатқа өзі барып, баласын келер жылдың көктеміне дейін қалдыра тұруды сұрайды. Бірақ әскерилер мұнымен келіспей баланы департаментке алып келіпті. Кейін әскерге шақырылушымен әңгімелесу қажеттігін айтып, әйелді үйіне қайтарған. Бірақ көп ұзамай баласының жарақат бөлімінен бір-ақ шыққанын естіген.

«Өзім дімкәс адаммын. Ұлым мен қызымды жалғыз өзім тәрбиелеп отырмын. Баламды кеудесінен ұрып, «1 жыл бойы қамауда боласың деп қорқытқанын» кейін білдім.
Әскерилер бұл істі жасырғысы келіп, мені қорқытқан соң осы уақытқа дейін үндемей келдім. Бірақ кінәлілеру жазаға тартылуы тиіс»,-деді әскерге шақырылушының анасы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер