Миллиардер Джек Ма жоғалып кетті

2307
Adyrna.kz Telegram

Соңғы кездері Бейжіңді жиі сынап жүрген қытайлық миллиардер Джек Ма жоғалып кетті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Newsroom.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Бір кездері коммунистік режимнің сүйікті адамы болған миллиардер жоғалып кеткен соң, оның фотосуреті өзі ұйымдастырған реалити шоудың әділқазылар алқасының веб-парақшасынан өшірілген және кейінірек ол жарнамалық бейнероликтен де алынып тасталған. Оған қоса, әдетте күніне бірнеше твит жариялайтын Джек Маның Twitter парақшасында соңғы апталарда белсенділік азайып кеткен.

Financial Times басылымы Джек Маның жоғалып кетуін оның қараша айында мемлекеттік реттеушілер мен банктерді сынағанымен байланыстырады. Джек Маның сынынан кейін оның Ant Group компаниясының 37 миллиардтық акциясы тоқтатылған.

Айта кетейік, өткен айда Бейжің монополиялық тәжірибеге байланысты Джек Маның Alibaba компаниясын тексеруге алған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер