АҚШ-тағы наразылық: Трампты тырп еткізбей тастады

2543
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың  әлеуметтік желі парақшалары бұғатталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА-новости агенттігіне сілтеме жасап.

Facebook пен YouTube-тен кейінгі Twitter АҚШ президенті Дональд Трамптың наразылық білдірушілерге жасаған бейне хабарламасын және оның сайлаудың бұрмалануы туралы бейнеүндеуін жазбасымен бірге жойды.

Оның есептік жазбасындағы соңғы екі жазбасын да қазір көру мүмкін емес. Бұған дейін әлеуметтік желі оларды даулы деп белгілеп, осы хабарламаларға байланысты "зорлық-зомбылық қаупі" барын айтқан еді.

Трамптың YouTube және Facebook, Twitter парақшалары түгел бұғатталды.

Пікірлер