"Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы"

3182
Adyrna.kz Telegram

Күні кеше дәл осы тақырыпта ірі масштабтағы ғылыми-тәжірибелік конференция Елордадағы ҚР Ұлттық музейінде өтті. ЮНЕСКО-ның өзі «әлемдің даңқты тұлға» деп айдар тағып берген Алаш арысының 150 жылдығына орай өткен ауқымды шараны ерекше деп атауға толық негіз бар. Оған конференцияға қатысушы ғалымдар, алаштану саласына ден қойып жүрген жас әдебиетшілер, студенттер мен докторанттардың Әлиханды сан қырынан зерттеп жасаған баяндамалары дәлел бола алады.

Алдымен, конференцияға алыстан және жақыннан келген көпшілік «Бабалар қорымындағы» Кенесары хан сарбаздарының және мемлекет қайраткері Смағұл Садуақасұлының рухына құран бағыштаса, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды.kon-2

Бұдан кейін шараның негізгі бөлімі Ұлттық музейде жалғасын тапты.  Конференцияны елорда әкімдігі, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы және Алаш мұрасын ардақтап жүрген жастар ұйымдастырғанын айта кетейік. Жиынды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев ашса, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Бас хатшысы Әсел Өтегенова, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы, т.ғ.д. Дархан Қыдырәлі жиналған көпшілікті құттықтап, конференцияның маңызына ерекше тоқтала кетті. Ал, ҚР Мәжілісі депутаты Берік Дүйсенбинов «Ақ жол» демократиялық партиясының ұстанымы жүз жылдық тарихы бар Алаш қайраткерлерінің идеологиясына сай келетінін алға тартып, жыл бойына Әлихан Бөкейханның мерейтойына орай жасаған «сыйларын» жіпке тізіп шықты.

kon-3kon-4

Құттықтаулардан кейін тізгінді ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы бастаған бір топ ғалым кезек-кезек баяндама жасады. Жоғарыда айтып өткеніміздей зиялылардың мінберге көтеріліп, он минуттау сөйлеуі ешкімді де жалықтырмады. Керісінше, жиналған жұртшылық Әлиханды сан қырынан сипаттағаны үшін ғалымдарға  ризашылығын білдірді. Әсіресе, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф,ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлының Әлихан аудармаларының ерекшеліктерін мысалдармен тәптіштеп тұрып таныстыруы талайды таңдай қақтырды. Зерттеушінің еңбегіне разы болған көпшілік Әлихан Нұрмұхамедұлының осынау бір қырына тереңнен үңілмесе де бір парасын біліп алды деуге әбден болады.

kon-5

Әлихантану, алаштануда маңдай терін сеніп төккен Сұлтан Хан Аққұлының «Біз танымайтын Әлихан»аталатын баяндамасынан да біраз нәрсені түйгеніміз рас. Сөзінің соңында өзінің жуырда ғана жарыққа шыққан екі тілде жазылған қос томдық кітаптарын ғалымдардың алдында тұсауын кесті. Зерттеу мақалаларға толы еңбек «Әлихан Бөкейхан: Аманат» және «Әлихан Бөкейхан – Қазақ жерінің жоқшысы»деп аталады.

kon-6kon-8

Ал, Әлиханның туған жері Ақтоғайдан арнайы келген делегат өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан Алаш арысының кіндік қаны тамған жері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Қазақ қоғамына енді-енді есімі белгілі болып, еңбегі еленіп жатқан Әлихан Бөкейханды Ақтоғай ауданында білмейтін жан жоқ. Ардагер-өлкетанушының айтуынша, бесіктегі баладан белі қақсаған қарияға дейін Бөкейханның немересі туған өлкеде дүниеге келіп, өмір сүріп жатқанын мақтан етеді.

Осылайша кезегімен белгілі ғалымдарымыз баяндама жасаса, Ұлттық музейдің банкет залында көпшілікке арналып дастархан жайылды. Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп, ұлт тәуелсіздігі үшін құрбан болған боздақтардың және Әлихан Бөкейханның рухына құран бағыштаса, Алаш арысын жырына арқау еткен ақындар жұрт алдында өлең оқыды. Аздаған үзілістен кейін конференция өз жалғасын тауып, қатысушылар Әлихан Бөкейханның өмір жолы мен еңбегін одан ары талқылай түсті.

kon-9

Соның ішінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология мамандығының 2-курс студенті Архат Нұрмұхаметтің жасаған баяндамасы ерекше есте қалды. Ол мәлім еткен «Ә.Бөкейханның психологиялық портреті» тұтас қазақ қоғамына Әлиханды танытудағы басты қару десек асыра айтпаған болар едік. Өйткені, «Супермэнді» үлгі етіп жүрген жас өскіндерге ұлтымыздың феномені ретінде Әлиханды насихаттау, оның психологиялық портретін таныстыру маңызды. Алғаш рет айтылып тұрған тың тақырыпты студенттің алып жүруіне жетекшілік жасаған – психология  ғылымдарының кандидаты, профессор Шолпан Сатиева.

kon-10-t-yishbay

ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Алмас Сырғабаев салған Әлихан бейнесін үлкен экранға шығарған А.Нұрмұхамет алаш арысын былай сипаттады:

Сөйтіп, А.Нұрмұхаметтің баяндамасына сүйенсек…

Ә.Бөкейханның мінезі: Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ мінезі құбылмалы. Алихан Бөкейхан сол кездің бір туар азаматы,білімдар ақылды болғаны, шулы жерлерді ұнатпауы, арманшыл қазақ ұлтының тәуелсіз болғанын қалаған, сол заманның қиыншылықтарына шыдамды болғанын, бүгінде қалған естеліктерге қарап, келер ұрпақ сүйспеншілікпен қарайды.

kon-12banner-aldyinda2

Ә.Бөкейханның қолтаңбасы бойынша тұлғаға сипаттама:

kon-13

Кең құлаштылық – ауқымды мәселелерді ғана ойлап, оларды талдағанды жақсы көреді.

Ирек сызықтар – қыңырлық пен байқағыштық.

Қолтаңбасы түсініктірек болған сайын, ол адамның мінезі ашық жарқын келеді.

Оң жаққа еңкейіңкі – барлығына түсіністікпен қарау, мінездің тұрақтылығы.

P.S. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, қанша айдан бері ұйымдастырушылардың ойында жүрген конференция тәулікке жетер-жетпес уақытта көз алдымызда өтті де кетті. «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса – қазақ халқы соңынан ерер еді» деп жұртын бастай алар қабілеті бола тұра қарапайымдылығынан айнымаған Алаш арысының қилы тағдыры, айтулы еңбегі ұрпағына – үлгі, салған сара жолы баршамызға – шамшырақ.

kon-15-alyimdarkon-14-alyimdar-zalda

kon-16-banner-aldyinda

kon-18-syirt-yi-banner

 

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ

агротехникалық университетінің доценті, а.ғ.к. Өмірзақ Сұлтанов баяндама жасап жатқан сәт

kon-13-mirza-s-ltanov

Әлихан бейнесін салған Алмас Сырғабаев және іс-шараның басы-қасында жүрген ұйымдастырушы жастар

kon-19-a-to-aylyi-tar


Дайындаған Ермұрат  НАЗАРҰЛЫ

"елана" кз

Пікірлер