Сопы Құрбанәлі жаппай жиһадқа шығуға шақырды (Видео)

11374
Adyrna.kz Telegram

Сопы Құрбанәлі жаппай жиһадқа шығуға шақырды. Оның бұл видео-үндеуі әлеуметтік желілерде шарлап кетті. 

"Батысқа тән өмір-салтын бізге тықпалаудың қажеті жоқ. Біз бұл заңның астарында не жатқанын жақсы білеміз. Ол - ұлтсыздану; Ол - Тажалдың жетегінде кету. Тажал қазір кемеріне келді. Әлемдік жаhандану - Тажалға тән жалғыз көз. Еркектік текелі бейне мен әйелдік емшек - Тажалдың болмысы. Сондықтан да мен Тажалға қарсы жиhад жариялаймын. Егер кім де болсын Тажалға көмек қолын созса, оның жеті атасына дейін иманы күйіп, өзі тозаққа түседі. Тажалдың бір қолында жәннат, екінші қолында тозақ болады. Оның жәннатына алданғандар тозақтық болса, тозағына түскендер жәннаттық болады. Сондықтан да біз Тажалға қарсы күрестен бас тартпаймыз.

Қазір әлемдік деңгейде Тажалдың билігі салтанат құруда. Сондықтан қазақ билігінің тізгінін ұстаған ер-азаматтар, Тажалдың жетегінде кетпей, халыққа қарай бұрылыңыздар!

-деп, сопы Құрбанәлі Ах­ме­тов жиһад жариялады.

Егер Қазақ билігі шынымен зайырлы-құқықтық мемлекет болса, Құрбанәлі Ах­ме­тов сияқты діншілге екіжүзді стандарт саясатын қолданбай, заң бойынша тиісті бағасын беруі тиіс.
Мысалы, дәстүрлі Ислам түсінігінде (Құранда жоқ) Тажал-Дәжжәл деген үлкен биліктің иесі болатын яһуди ер адам. Заманның ақырында шығып, жер бетіндегі ең үлкен сынақ (фитна) болады. Ол өзін алғашқыда пайғамбармын деп, содан кейін Құдай екенін айтады. Оған надандар мен қарапайым халық артынан еріп, оған Алла тура жолға салған салихалар мен тақуалар қарсы тұрады. Ол бірде-бір қаланы қалдырмай барлық жерді шарлап шығады, тек Мекке мен Медине қаласына жоламайды, яғни дәжжәл Мәриям ұлы Исаның қолынан қаза табады делінген.
Меніңше, "отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл" туралы заңдағы кейбір олқылықтарға байланысты билік діни топтарға "медвежья услуга" жасамай тез арада түзету енгізсе дұрыс болар еді. Өкінішке орай заңның солқылдақ тұстарын діншілдер, әсіресе діни бағыттағы шүкір-тәубешіл әншілер мен ақындар өз пайдасына өте жақсы пайдаланып отыр.
Қорыта айтқанда, қоғамда айқай-шу туғызған "отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл" туралы заңға шүйлігіп жатырған дүйім халықтың көбі діни санадағы топтар екені белгілі болды.

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ,

"Демос" ҚБ төрағасы

(Автордың көзқарасы редакция көзқарасын білдірмейді. "Адырна" ұлттық порталы ашық ақпарат алаңы болған себепті, қарсы тараптың да материалын шығаруға әзір)

Пікірлер