Дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма?

1973
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Алексей Цойға дәрі-дәрмек бағасы қалай қадағаланып жатқанын сұрады. «Менің білуімше бұл тұрғыда мәселе әлі де бар секілді. Бұл бағытта қандай жұмыс жүргізіп жатырсыздар?» - деп сұрады Президент Алексей Цойдан. Бұл сұраққа жауап берген министр дәрі-дәрмектің шекті бағасын қадағалау мәселесі қайта қаралғанын мәлім етті. «Қазіргі уақытта коронавирус препараттары бойынша маркетингті шығындардың бәрін алып тастадық. Дәріханаларда жетіспеушілік болмас үшін біз коронавирусқа шалдыққан адамдарға амбулаториялық дәрі-дәрмекті тегін қылдық. Бұл да дәріханалардағы кезекті жойды. Осылайша біз антиковид препараттардың бағасын орта есеппен 27 пайызға арзандаттық. Сонымен қатар биыл «Халық денсаулығы» кодексіне тиісті өзгерістерді енгізіп, бөлшектік сегменттегі бағаларды қадағалау тетігін алып тастамақпыз. Осылайша, біз бөлшектік сегменттегі бағаны төмендетерлік қосымша тетіктерге ие боламыз», - деді ол. «Яғни дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болмайды ғой?» деп сұрағын қайталады Президент. Бұл сұраққа Алексей Цой «иә» деп жауап берді.

Пікірлер