Садриддин Ахмедов бір жекпе-жекте үш титул жеңіп алды

10132
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) бірінші орта салмақтағы үш титулды жеңіп алды: WBC Francophone, WBA Continental және NABF, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық өзінің титулдық жекпе-жегін Мексиканың Куернавака қаласында өткізді. Оның қарсыласы голландиялық Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО) болды.

Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылды. Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Садриддин Ахмедов бірден үш белбеуді жеңіп алып, кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді. Стивен Даньо өзінің төртінші жеңілісіне ұшырады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер