Наурыз айында Жерге қауіпті астероид жақындайды

1802
Adyrna.kz Telegram

2021 жылы ғаламшарымызға ең үлкен ғарыш денесі жақындайды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы LADbible шетелдік сайтына сілтеме жасап. 

NASA ақпараты бойынша, 2001 FO32 астероиды наурыздың 21-і күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:03-те Жерден шамамен 2,02 миллион шақырым қашықтықта секундына 34 шақырым жылдамдықпен ұшып өтетіні белгілі болды.

Ғарыш денесінің нақты көлемі белгісіз, алайда болжамдарға сенетін болсақ, шамамен 767 метрден, 1,71 шақырымға дейін болуы ықтимал.

Ғалымдар бұл астероидты қауіпті дене ретінде санайды. Алдағы уақытта, астероидтың Жермен соқтығысу қаупі жоғары.

Астероид пен Жердің келесі кездесуі 2052 жылы 22 наурызда болады. Бұл күні ол шамамен 2,83 миллион шақырым қашықтықта өтеді.

Пікірлер