Қазақстандықтардың шетелдегі шоттары тексеріледі – министр

2970
Adyrna.kz Telegram

Биылдан бастап қазақстандықтардың шетелдегі шоттары тексеріледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойылды. Осы жылдан бастап біздің азаматтарымыздың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоты бойынша ақпарат алмасу басталады»,-деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ министр салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жолдарын атап өтті. Жамаубаевтың айтуынша, алдағы уақытта трансшекаралық сауданы бақылауды күшейту, кедендік инфрақұрылымды жаңғырту, ақпараттық жүйелерді жетілдіру және жаңа платформаға көшу, ірі салық төлеушілердің көлденең мониторингін қолдану сынды маңызды шаралар жүзеге асырылады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер