Бүгін тарихшы Ермұхан Бекмахановтың туған күні (Видео)

4455
Adyrna.kz Telegram

Бүгін ұлы тарихшының туған күні. Осыдан 106 жыл бұрын, яғни 1915 жылы 15 ақпанда қазақтың күрескер тарихшысы, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов дүниеге келді. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. "Адырна" ұлттық порталы ұлт тарихын зерделеуде өзгеше қолтаңба қалдырған тұлғаның өмірі жайлы деректерді ұсынады.

1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.

1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.
Ол XVIII-ХІХ ғасырларда Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық және саяси даму проблемаларына, сондай-ақ Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесіне, қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихына үлкен назар аударған. Е. Бекмаханов 1946 жылы «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген докторлық диссертациясын қорғайды.

Кенесары Қасымұлының көтерілісіне «ұлт-азаттық қозғалыс» деген сипат бергені үшін «ұлтшыл» деп айып тағылады.

Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.

Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.

Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары Қазақ университеті (қазіргі Санат) баспасынан жарық көрді.

Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ҒА-ның басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады.

"Елім" деп туғане ер 1966 жылы алматы қаласында қайтыс болады.

 

 

 

 

Пікірлер