Тараздағы жойқын желдің салдары анықталды

2999
Adyrna.kz Telegram

Тараздағы жойқын желдің салдары белгілі болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Қала бойынша 10 көпқабатты тұрғын үйдің 1 405 шаршы метр шатыры зақымдалды. Шатырларды қалпына келтіру жұмыстары мердігерлер тарапынан жедел іске асырылатын болады. Сондай-ақ, 15 мөлтек ауданы №14 үйдің 20 шаршы метр балконы және 3 метр газ құбырына залал келтірілді. Қала көшелерінде 3 электр бағанасы құлады", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдікте атап өткендей, қазіргі уақытта "Тараз Жарық" ЖШС-ның 3 бригадасы бағаналарды қалпына келтіріп қойған.

"4 көшеде 6 жерден электр желілері үзіліп, "Тараз қалалық электр жүйелері" мекемесі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, электр жарығының өшуіне байланысты, диспетчерлік қызметке 5 өтініш түсіп, бұл жұмыстар жедел бригадалар тарапынан іске қосылды", - деді жергілікті билік өкілі.

Дауыл басталған уақыт ішінде қала көшелеріндегі 20 бағдаршам істен шықты. Оны қалпына келтіру жұмыстары бойынша жұмыстар атқарылуда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер