Жамбыл Жабаев поэзиясындағы философиялық ойлар

4603
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл Жабаев – қазақтың жыраулар дәстүрін және суырыпсалу өнерін үлкен бір деңгейге көтерген ақын. ХХ ғасырдың Гомері атанған да Жамбыл еді. Бұл атақты алу немесе дәл осы деңгейді Жамбыл ақынға кездейсоқ бере салған жоқ. Себебі ақынның айтысы, жырауға тән қабілеті мен сол құндылықты сақтауы секілді ерекшеліктері бұл атақты алуға әсер етті.

Қазақтың толғауы мен айтысын классикалық жанрдан ада қылмай, сол қалпында кейінгі ұрпаққа жеткізген де Жамбыл. Қазір кез келген айтыста ақынның аты аталады. Оған себеп іздеудің де қажеті жоқ. Жамбыл – қазақ айтыс өнерінің шоқтығы биік тұлғасы.
Жамбыл турасында қазақ әдебиетіндегі ғалымдардың ашқан жаңалығы да, берген пікірлері мен зерттеулері де көп. Себебі айтыс өнерінің жанрлық ерекшілігін жасаған да, жеткізген де Жамбыл Жабаев болатын. Мәселен, әдебиеттанушы әрі ғалым Айгүл Ісімақова ақын туралы мынандай пікір білдірген: Жамбыл Жапаұлы «Әкеме» деген өлеңінде былай деген:
Батаңды маған бер, әке,
Тіліме менің ер, әке.
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті дер, әке.

Жамбылдың ақындығы совет кезеңіне дейін қалыптасқан. 1913 жылы Верныйда (қа-зіргі Алматы) бүкіл ақындарды ша¬қы¬рып алып Романовтар әулетін ма¬дақ¬тай¬тын өлеңдер жаз дегенде бас тартқан ақын¬дардың ішінде Жамбыл да болған. Ол егер билікке ұнағысы келсе неге сол кезде Романовтарды мақтамасқа. Романовтардың ме¬рейтойына байланысты көрме өткізіледі, ақындарды оған да алып келіп мадақтайтын жыр жазуын талап еткенде сол кездегі би¬лікті мазақ еткен «Өстепкеде» деген өлеңі дүниеге келген:

Елде жүрген егейлер,
Қалада құр үйілдің.
Ұлық көрсең ұйлығып,
Желді күнгі қамыстай
Жапырылып иілдің», –
дейді.

Әдебиеттанушы М.Базарбаев өз зерт¬теулерінде: «Жыршы Жамбыл, жы¬рау Жамбыл, айтыскер Жамбыл, ақын Жам¬был» деп ақын шығармашылығын төрт са¬лаға бөліп қарастырған. Бұл тұжырымдар теориялық талдаулар арқылы негізделген. Кә¬сіби мамандар анықтағандай, Жамбыл – совет заманында жыраулық дәстүрді дамытушы.

Бұл біздің емес, әдебиеттанушы ғалымның айтқан пікір әрі түйіні.

Жамбыл поэзиясының, айтыстарының ерекшелігі де сонда, онда белгілі бір астар, философиялық мән жататын. Олай дейтініміз, Жамбыл ақынның Кеңес өкіметі кезінде шындықты тура жеткізбей, жанамалап, жасырып жеткізуі, философиялық ойын әр сөздің, әр тармақтың астына кіргізу, соның бойына сіңдіру үлкен еңбек. Міне, біз білетін Жамбыл туралы түрлі пікір айтылса да, оның ақындық қабілеті мен философиялық ойын ешкім ұрлай алмайды.

Жамбыл ақынның «Сұр жылан» деген өлеңін алайық. Өлеңнің тақырыптық-идеялық ерекшелігі де, философиялық жасырын мәні де бар. Бұлай деп баға бермес бұрын өлеңнің өзіне бір үңілсек:

Ысқырды тағы сұр жылан,
Екі айыр тілі у жылан,
Бақытты бейбіт елімде
Жасырынған сұм жылан,
Ой-шұқырды сағалап,
Елді торып жағалап,
Жабықтан кірген қу жылан, – дейді ақын.

Қараңызшы, мұндағы суреттеп отырған «сұр жыланы» шынымен де жыланның өзі ме?! Әрине, жоқ. Жыланның түр-түрі болады. Алайда ысқыратын жыланды немесе оның үнін естіген адам бар ма? Жоқ. Ендеше бұл жай ғана теңеу емес, астарлы ой, астарлы философиялық мәні бар үлкен әрі тереңде жатқан мәселе. Мұнда заңды түрде «ысқырған жылан кім?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Жауапты түрлі қылып беруге болады. Алайда философияның ерекшелігі де осында тұрған жоқ па.

Ерген иттер айтаққа,
Сатылған жауыз, бай тапқа,
Жарықтан. қашқан бандалар,
Өңшең соқыр жын жылан.
Қанқұмарлар жыланы,
Троцкий жыланы,
Қайдағы зұлым сұм жылан,
Жай жылан ба, бұл жылан—
Қара, жолдас, бас қосып,
Халыққа қара күн тосып,
Сақтаған зәрін бойына
Туғызбақ боп бізге ылаң.
Халықтың қара жаулары
Бас қосып қай-қайдағы,
Елеусіз жүріп елімде
Нелер сұмдықты ойлады.

Міне, біз іздеп отырған мән де, жауап та осы емес пе еді. Сұр жыланымыз арамызға кірген сатқындар, қазақтың жаншып, оның бүкіл болмысына қастандық жасағандар. Жоғарыда атап өткендей ақынның ХХ ғасырдың Гомері атанунына осы бір жолдар да жеткілікті секілді.

Қай ғасырда болмасын қазақтың жыраулық дәстүрі мен фолькоры һәм ондағы философиясын өзінің мәнін жоймақ емес. Себебі оның бойынша ақиқат пен шындық, күрескер бейне мен үлкен тарихи тұлғалардың еңбегі жатыр. Жамбыл Жабаев туралы қандай пікір айтылса да, ол өзінің өлеңдері арқылы және оның астарлы мәні арқылы келер ұрпаққа берерін беріп кетті. Біздің борыш тек енді соны зерделеу әрі зерттеу.

Ақдидар ӘУЕЗ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, қазақ филологиясының магистранты,

Данат ЖАНАТАЕВ                  

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, доцент

Пікірлер