Түзеу мекемесіне келген азаматтың сәлемдемесінен есірткі табылды

1575
Adyrna.kz Telegram

Қызылордада сотталғанмен кездесуге келген азаматтың сәлем-сауқатынан есірткі табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы 22 ақпанда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматқа қысқа мерзімді кездесуге келген танысының сәлем-сауқатынан есірткі табылды.

Мекеме қызметкерлері кездесуге келген азаматтың сәлем-сауқатын тексеру барысында “State Line” темекісіне нығыздалып салынған 27 дана жасыл түсті, өткір иісті затты анықтаған.

Бұл факт бойынша мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Өткізілген сараптама нәтижелеріне сәйкес тәркіленген зат-жалпы салмағы 20,22 грамм кептірілген марихуана екені анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер