11 жастағы қыз ата-анасының мәйітін жертөледен тапты

1954
Adyrna.kz Telegram

Американың Сент-Луис қаласының он бір жасар тұрғыны үйден коронавирустан қайтыс болған ата-анасының мәйітін тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.  

Қыз – отбасындағы жалғыз бала. Қайтыс болған жұптың көршісі айтқандай, қайғылы оғиғаға дейін қыздың анасы инсульт алып, ауруханада біраз уақыт жатқан. Тестілеу әйелдің коронавирус жұқтырғанын көрсеткендіктен, науқас үйіне карантинге жіберілген. Осы арада күйеуі де коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Ата-ана инфекцияны жалғыз баласына жұқтырмау үшін карантинді жертөледе өткізуге шешім қабылдаған. Бір күні қыз жертөлеге түсіп, ата-анасының мәйітін көрген. Олардың ауруы асқынып кеткені анықталды.

Көршілер "олар өте жақсы адамдар болғанын" айтты. 11 жасар бала үшін әке-шешесінен бір уақытта айырылу – нағыз трагедия, дейді олар.

Пікірлер